Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің жетінші шақырылым депутаттарына табысты жұмысы үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Парламент Мәжілісінің жетінші шақырылым депутаттарына Әділетті Қазақстанды құру бағытын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етіп, еліміздің өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешкен, саяси және экономикалық реформаларды жүргізуге белсенді атсалысқан, қоғамдағы тұрақтылық пен заң үстемдігін қамтамасыз еткен табысты жұмысы үшін алғыс айтамын. Мәжіліс депутаттары жоғары кәсібиліктің, азаматтардың алдында жауапкершілік және шынайы патриотизмнің үлгісін көрсетті», - деді Президент.