1-ші қазан халықаралық Қарттар күні мерекесіне орай Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің басшы құрамы қазыналы қарттардың басын қосты.
Түс мезгілінде ұйымдастырылған жылы жүздесуде алдымен департамент бастығы әділет полковнигі Миржан Смағұлов сөз алып, уақытында Қылмыстық-атқару жүйесінде абыройлы қызмет еткен ардагерлерді мерекелерімен құттықтады. Бұдан кейін, қарттарымыз ақ дастархан басында ақжарма тілектерін арнаған көпшілікке батасын берді. Басқосуда ән айтылып қариялардың көңілдерін бір серпілтті.
Сондай-ақ, бұл күні соғыс ардагері Мұрат Жанәлі мен тыл ардагері Сергей Бабаян назардан тыс қалған жоқ. Департамент бастығы әділет полковнигі Миржан Нурмухаммедұлымен оның орынбасары әділет подполковнигі Абылайхан Ильясұлы және департаменттің ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Алибаев ардагерлер Мұрат Елубайұлымен Сергей Галиевичтің шаңырағына арнайы барып, мерекелерімен құттықтап, өздері әкелген сый-сияпатын табыс етті. Өз кезегінде екі қария елеп-ескеріп келген департамент басшысымен оның серіктеріне алғыстарын жеткізді.
Осылайша қадірлі қарияларымызда мереке қарсаңында назардан тыс қалмай құрметке бөленді. Ал, олардың өмірі мен ерлігі келер ұрпаққа қашанда үлгі болып қала бермек.
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі