Қарлаг қанды қасабындағы діни қызметшілер туралы кітап

Қарлаг қанды қасабындағы діни қызметшілер туралы кітап

Кеңестік саясаттың салдарынан ойранды отызыншы жылдары дін өкілі болғаны үшін түрме азабын тартқандарға қатысты жинақ Қарағандыда жарық көрді. Авторы – Ибрагим Ислямов, Долинкадағы саяси-қуғын сүргін құрбандарына арналған мұражай қызметкері. Ол бір кітапта Қарағандыдағы ГУЛаг бөлімінде азап шеккен мұсылмандар, православтар, католиктер, протестанттар және иудейлер туралы мәліметтерді топтастырған. Кітап «Қарлаг тұтқынында болған діни қызметшілер» деп аталады.

Мұндай сауапты іске мұрындық болып отырған – Қарағанды «Болашақ» универ­ситеті. Кітапта діни ұстанымы үшін соттал­ғандардың тізімі, олар туралы деректер  келтірілген.
Кітаптағы деректерге жүгінсек, НКВД мәліметтерінде  1940 жылы Қарлагта діни сені­мі үшін 355 адам жапа шегіпті. Оның көпшілігі атылған. Кітап авторы  Ибрагим Ислямов жұмыс барысында «Путевка» және «Жаңа жол» лагерь газеттерін, мұра­ғаттарын зерттеген екен. Сондай-ақ көзі тірі куәгерлермен кездескен.
Ибрагим ИСЛЯМОВ, автор:
– Ислам туралы тарауда мен Теме­шәлі және Күмісбек молда туралы көп тоқталдым. Бұл кісілер өте сауатты болған, бірнеше тіл білген. Темешәлі­мен таныс болғанмын. Діннен бас тарт­қызу үшін ол түрмеде қандай қорлық көр­гендерін айтып берді. Наным-сенімінен бас тартқыздырту үшін аштан қатырып, ұрып-соққандарын, дін қызметшілерін азаптауға  НКВД қандықол қылмыс­кер­лер­ді жіберетіндігін айтты. Қарлагтың Сама­радағы бөлімшесінде Уар Шма­рин,  Липецкийдің епископын сондай қыл­мыскер ұрып-соғып өлтірген.

Автор мұндай мысалдарды көптеп кел­тіреді.   Протоиерей Крылов тоналып, ай­да­лада үсіп өлген. Түрмедегі қылмыскер­лердің қиянатына төзбеген  иерей Гайдай түрмеден қашпақ болған. Бірақ ұсталып, атылған. Кеңес үкіметінің қанды қасабына айналған Қарлагтың қанды парақтары тура­лы кітапта осындай ақиқаттар айты­лады.
Кітаптың тұсаукесеріне Қарағанды облысындағы түрлі конфессия мен мәдени орталық өкілдері де қатысты. Олар бұл тарих бір кітаппен шектелмеуі тиіс, діни қызметшілер туралы әлі де жазылуы керек деп отыр. «Видергебурт» неміс мәдени орталығының жетекшісі  Виктор Кист кітап­та жапа шеккендер туралы тарихи құжаттар арқылы аты-жөні толық айтылатындығына назар аудара келе, «Неге жазықсыздарды атқан, жазалаған адамдардың есімі белгілі болмайды?» – дейді.
Виктор КИСТ, «Видергебурт» неміс мәдени орталығының жетекшісі:
–  Жақында Германияның билігі 92 жастағы фашисті алып шықты. Ол мүге­дек арбасына таңылған екен. Бірақ сон­да да оны соттап жатыр. Ал бізде ше? Егер біз демократияшыл және жариялылықты ұстанғанбыз десек, олардың да аты-жөндері айтылуы тиіс.

Мәдени орталықтың жетекшісі азапкерлердің аты-жөнін білетін уақыт жетті деп санайды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста