Қарашада ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" РМК синоптиктері қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер болжамынша, бірінші онкүндік басында Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында, ал 3 қарашадан бастап еліміздің оңтүстік өңірлерінде, онкүндіктің соңында республиканың солтүстік-батыс жартысында атмосфералық фронттар әсерінен тұман, көктайғақ, жел екпінінің күшеюі (солтүстік жартысында қарлы боран) жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі. 
 
3-4 қарашада республиканың басым бөлігі Қара теңіз өңірлерінен ығысқан ауқымды суық антициклон ықпалында болады, ауа температурасы төмендеп (батыс өңірлерді қоспағанда), аяз болады деп болжанады:

Қазақстанның батысында түнде 0, +8 градустан -5 +2 градусқа дейін, күндіз +10 +18 градустан 0, +10 градусқа дейін;
Республиканың солтүстік-батыс жартысында, орталығында және шығысында түнде -5 +5 градустан -5 -15 градусқа дейін, шеткі шығыста -20 градусқа дейін, күндіз +2 +8 градустан -3 -10 градусқа дейін;
республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнде -3 +5 градустан -1 -13 градусқа дейін, күндіз +10 +16 градустан -5 +3 градусқа дейін.
Бірақ ай ортасынан бастап температура фоны біртіндеп жоғарылайды деп күтіледі.

"Екінші онкүндіктің бірінші жартысында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы солтүстік-батыс циклон әсеріне қарай анықталады, сондықтан тұрақсыз ауа райы күтіледі: жауын-шашын болады (негізінен қар түрінде), екпінді жел соғып, бұрқасын болады. Одан кейін суық ауа массаларына байланысты, екінші онкүндіктің аяғында, үшінші онкүндіктің басында және аяғында температуралық фон төмендейді деп күтіледі", - делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.
Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында және орталығында, суық күндері термометр бағаны түнде -17 -25 градусқа дейін, күндіз -8 -13 градусқа дейін, ал батыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста төмендейді. Республика бойынша, ауа температурасы - түнде -5 -17 градусқа дейін, күндіз -2 -7 градусқа дейін төмендейді.

Күндіз еліміздің солтүстік жартысында аяз басылып, ауа температурасы оң мәндер шегінде болады, оңтүстік жартысында ауа +3+12 градусқа дейін жылынады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста