Қараөткел ауылында мектептегі жиналыс кезінде төбелес болды

Қараөткел ауылында мектептегі жиналыс кезінде төбелес болды

Ақмола облысы Қараөткел ауылында жергілікті тұрғындардың кездесуі төбелеске ұласты. Полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Sputnik Қазақстан"-ға сілтеме жасап.

Полицейлердің айтуынша, залда жиын өтіп жатқанда басқа ауыл тұрғындары кіріп келіп, арты төбелеске айналған.

 

"28 сәуірде сағат 18.30-да Целиноград ауданы Қараөткел ауылының орта мектебінде жергілікті тұрғындар мен мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен жоспарланған жиналыс өтті. Жергілікті тұрғындар мен қатысуы жоспарланбаған Целиноград ауданының белсенді азаматтары арасында жанжал шықты", - деп нақтылады Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Ғимаратта кезекшілік атқарған тәртіп сақшылары төбелеске араласып, жиналыс бейбіт түрде жалғасын тапқан.

 

"Қазіргі уақытта өңірдегі қоғамдық-саяси жағдай тұрақты", - дейді полициядағылар.

 

Осы оқиғадан кейін Целиноград ауданының полиция бөліміне үш арыз түскен.

 

"Арыз-шағымның барлығы тіркелді, қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Нәтижелері бойынша тиісті процестік шешімдер қабылданады", - деді баспасөз қызметі.

 

Сонымен қатар Sputnik ақпараты бойынша, жиналыста ауылдың өзекті әлеуметтік проблемалары, соның ішінде жер учаскелерін бөлу, мұғалімдерге шағым, аудандық мәслихат депутаттарының мандатын кері қайтарып алу мәселелері көтерілді.

 

Айта кетері, кездесуге Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов те қатысты.

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста