Қарағандыдағы мәдениет үйінің қабырғасында құпия хат жасырылған

Мәдениет үйінің қабырғасында құтыға салынған құпия хат жасырылған.
Оны Степлагта жазасын өтеген әрі осы ғимараттың құрылысына қатысқан ақын, аудармашы Леонид Ситко жазып қалдырған деген дерек бар. Бұл жайында ол өзінің естелігінде айтады. Ал аталған мемуарды Ресейдегі «Мемориал» қоғамынан тауып, «Ерекше лагерьлер» кітабына енгізген – ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Нұрлан Дулатбеков. Абақтыдағы азапты күндер жайлы жазылған үшбу хатты іздейтін жан болса, тарихи ақтаңдақтарға қатысты тың деректер табылар еді, - дейді ол. Нұрлан Дулатбеков - ГУЛАГ тарихын терең зерттеп, бұл тақырыпта бірнеше кітап жазған ғалым. Оның соңғы еңбегі «Ерекше лагерьлер» деген атпен үш тілде жарық көрген. Онда еңбекпен түзеу лагерьлерінде болғандардың өз қолымен жазған естеліктері жарияланған. Мұрағаттар қорынан табылған 50-ге жуық мемуар бұрын-соңды ешқайда басылмапты. Солардың бірі – ақын әрі аудармашы Леонид Ситконың естелігі. Онда ол лагерьдегі азапты күндер мен ауыр еңбекті айта келіп, құнды деректерді құтыға салып жасырғанын мәлімдейді. Нұрлан Дулатбеков, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі: - Әрине ол әлі табылған жоқ. Бірақ сол хат табылса, оны біз келер ұрпаққа жеткізсек, өте бір құнды дүние болатын еді. Ондай ізденіспен жүрген адамдар көп қой. Леонид Ситко ғұмырының 25 жылын еңбекпен түзеу лагерьлерінде өткізген. Ал 1948 жылдан 1951 жылға дейін Степлагта жазасын өтейді. Осы жылдары ол мәдениет үйінің құрылысына қатысқан. Естелік хаттағы жазбаға үңілсек, құтыға салынған құпия хатын дәл сол ғимараттың жертөлесіне жасырыпты. Ақынның суреттеуі бойынша ол 50-жылдары салынған мәдениет үйі болуы әбден мүмкін. Зинаида Чумакова, Жезқазған тарихи-өлкетану мұражайының директоры: - Мен осыдан 30 жыл бұрын дәл сол мәдениет үйінде көркемдік жетекші болып еңбек еттім. Сол кездің өзінде ғимараттың қабырғасында құты жасырылған деген алып-қашпа әңгімелер айтылып жүретін. Бірақ ол заманда ГУЛАГ жүйесі туралы, ондағы озбырлық жайында тіс жаруға қорқатын едік. Сондықтан бұл дерек зерттеусіз қалды. Бірер жыл бұрын бұл мәдениет үйінің есігіне қара құлып ілінген, ғимарат қазір апатты жағдайда тұр. Сонымен қатар алдағы жылдары кенді аймақтағы Жезқазған, Весовая, Кристовский елді мекендері қиратылады. Себебі бұл маңайдың барлығы бір кездері шахта болған жер біртіндеп шөгіп жатыр. Алты мыңнан астам тұрғыны бар бұл үш елді мекеннің тұрғындары 2017 жылға дейін қауіпсіз аймаққа көшірілу керек. Демек, мұндағы ғимараттардың барлығы қиратылады. Егер құпия хатты қазір іздемесе, кейін үйіндінің астында кетуі ғажап емес. Бірақ өкінішке орай, әзірге бұл істі қолға алатын ынталы жан табылмай тұр. Дей тұрғанмен, құнды жәдігер құм түбінде қалмас деп үміттенеді тарихшылар.

24.kz  

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста