Қарағандыда 16 қабатты үйде газ жарылып, 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қарағанды қаласында 16 қабатты 127 пәтерлі тұрғын үйдің 8-қабатындағы пәтерде газ жарылды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген кезде сыртқы белгілері бойынша 8-қабаттағы пәтер ашық жалынмен жанып жатты.
Құтқарушылар кіреберістегі пәтерлерден адамдарды эвакуациялау және құтқару жұмыстарын жүргізді. Кіреберісті қою түтін басқан.
Жарылыс болған пәтерден үш адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.
Тағы бір зардап шеккен азамат ауруханаға жеткізілген.
Алдын ала мәліметтер бойынша, қайтыс болғандар - екі ер адам, бір әйел.
Өрт сағат 22:37-де сөндірілген.