Қарағанды облысында жазық далада суықтан үсіп өлген 50 жастағы азаматтың денесі табылды

Қарқаралы ауданында жазық даладан 50 жастағы Қарағанды тұрғынының денесі табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол адасып қалып, суықтан үсіп өлген деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қарқаралы ауданындағы далада 50 жастағы Қарағанды тұрғынының мәйіті табылғаны туралы ақпаратты Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі растады. Ведомство өкілдерінің мәліметінше, марқұм 20 жастағы серігімен бірге 19 ақпанда "Нива" көлігімен Қарағандыдан Алайғыр кен орны бағытында жолға шығып кеткен. Сол күні ауданда қатты боран соғады. Ауа райының қолайсыздығына байланысты олар көлікті тастап, жұмысқа жаяу жетуді ұйғарады. Бірақ діттеген жерге жете алмайды.


Шығыс Қазақстанда қар көшкіні адамдар отырған автобусты басып қалған

Алматы облысында әйел жаздың қарсаңында үсіп өлді

"20 ақпанда дала сақшылары межелі жерден бес шақырым жерден 2002 жылы туған ер адамды тапты. Ол Бесоба ауылындағы ауруханаға жеткізілді. Сол күні 1972 жылы туған екінші азаматты іздеуге Төтенше жағдайлар департаменті, полиция департаменті, жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті тұрғындардың күштері қосылды. Іздеу жұмыстары Бесоба ауылынан 20 шақырым жерде жүргізілді. 21 ақпан күні сағат 12:05-те Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-іздестіру тобы ашық аумақтан екінші ер адамның денесін тапты. Ол "Алайғыр" кен орнынан алты шақырым жерде анықталды", - деп мәлімдеді Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі далада мәйіттің табылғаны тіркелгенін атап өтті. Тиісті сараптамалар тағайындалған.
Ал Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі марқұммен бірге болған 20 жастағы қарағандылық азаматтың жағдайына қатысты пікір білдірді. Ведомствода тексеру кезінде дәрігерлер үсік шалу белгілерін анықтамағанын атап өтті. Жағдайының қанағаттанарлық екендігін ескере отырып, азамат амбулаторлық емдеуге жіберілген.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста