Қарағанды облысында белгісіз мал ауруы өршіп кетті

Қарағанды облысындағы шаруа қожалықтың бірінде мал жаппай белгісіз дертке шалдығып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

 
Малшылар ірі қараға екі жыл бойына бірде-бір екпе салынбағанын, енді оның зардабын көріп жатқандарын жеткізді. Шет ауданында бүгінде ауруға шалдыққан ірі қара саны 800-ге жеткен. Жергілікті ветеринарлар малшылардың пайымына қарсы уәж айта алмады. Өйткені тегін дәрі алуға мемлекеттен қаржы бөлінбеген.

«Екі жыл болды вакцина салмағанына, ештеңе алмаған. Малдар әбден ауырған соң шақырттық. Сол кезде келіп вакцина салып кетті. Бірақ қалған вакцина мен витаминдерді өзіміз сатып алып салдық. Тегін ба деп сұрадық, бірақ өздеріңіз сатып аласыздар, бізге ондай ақша бөлінген жоқ», - дейді Қарағанды облысы Ақжал кентінің тұрғыны Сәуле.
Мал ауруы Шет ауданының Ақжал кентінен басқа Ақшатау, Киікті, Ақсу- Аюлы, Босаға ауылдары мен Мойынты кентінде жаппай өршіген. Сиырлар мен бұзаулардың ауыздарынан су ағып, жем- шөп жей алмай жатып қалыпты. Қарашаның ортасында алғаш байқалған. 6-уы арам қатқан. Алайда ауылдықтар одан да көп сиыр қырылуы мүмкін деп отыр. Ветеринар мамандар да  белгісіз дерттің етек алғанын растады. Сонымен бірге сынамалар республикалық зертханада әлі де сарапталып жатыр деді. Мамандардың дерегінше, Қарқаралы ауданында да ауру белгілері тіркелген.

«Вирустық диарея және инфекциялық ринотрахеит ауруы анықталды. Басқа жерлерден малдарды тасымалдау немесе жеке заңды тұлғалардың малды ветеринариялық мамандардың рұқсатынсыз,  ескертпестен басқа жерден алып келуі, жаңағы карантинге қойылмаған малды алып келу себебінен болады негізі. Ауру тіркелген жеке аулаларда дезинфекция жұмыстары жүргізілді», - деді ҚР АШМ ветеринарлық қадағалау комитеті қарағанды облыстық инспекциясы жетекшісінің міндетін атқарушы Данияр Мерғазин.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста