Қара темірді Қытай асырып, қисық шегеге зар болдық

Қара темірді Қытай асырып, қисық шегеге зар болдық

Есептің жоқтығы дейміз бе, кейбіреулердің көмейінің кеңдігі дейміз бе, осы уақытқа дейін қаншама тонналаған дүниеміз шекара асып кетті. Бұл түрлі металға қатысты. Әу баста мыс мықты бағаға өтеді екен дестік. Үйдегі жарамай қалған ескі-құсқы техниканың ішін ақтарып-төңкеріп жүріп кәдеге жарайтын мысты қабылдау орындарына өткіздік. Одан темірге шықтық. О бастағы келісіне 10 теңге төленетін. Содан майда-шүйдеден бастап, металоломға айналған тракторымызға дейін қара темір қабылдайтындарға өткізіп демімізді бір алдық. Бүгінде іске татыр қара темір де қалмады-ау, шамасы.
Сонда «темір біткенге жаудай тидірген не?» де­ген сабаудай сауал туындайды. Өзімізге де қажет дү­ниенің вагондап көрші елдерге жөнелткенде ұт­қа­нымыз қане? Ал темір өндіру ісі ілгері жылжуға құ­лықсыз тасбақадай тасбауырлап жатып алғалы қа­шан?.. Бүгінде дүниежүзілік экономиканың кө­те­рілуі мен металл өнімдеріне сұраныстың өсуі оның ба­ғасының айға ақырып тұруына әкеп соқтырды. Әсі­ресе Қытайда 2003 жылдары экономикасының өсуі 9 пайызға, ал темір тұтыну 34 пайызға өсті. Индияда және басқа Азия елдерінде металл са­ла­лары үшін дүниежүзілік бағасының елеулі өсуіне әкеп соқтырды. Металл өнімдері бағасының өсуінің тағы да бір себебі – теңіз тасымалдары тарифінің қарқынды түрде өсуі мен темір рудалық шикізатқа босату бағасының көтерілуінен болды. Бағаның шарықтап кетуі шикізаттың маңызды бір түрі – қара металл сынықтарына да қатысты. Қара металл сынықтарының нарығы 2003 жылдан бас­тап бір емес, бірнеше мәрте бағаның тұрақ­сыз­дығын басынан өткізді. Әрине, төмендеу емес, қым­­баттауын. Бүгінде қара темір сынықтары на­рығында оның бағасы тоннасына 300 доллардан ке­леді. Осы салада нәпақасын тауып жүрген ма­ман­дардың уәжіне құлақ түрсек, келешекте қара металл сы­нықтарының жетіспеушілігіне байланысты бір­қатар проблемалар туындайтын көрінеді. Әлемдік ме­таллургия үшін шикізаттың осы түріне сұраныс тө­мендеген емес. Қара металл құнының көтерілуіне АҚШ  валютасының әлсіреуінің де әсері бар... «Әжет­ке жарамайды» деп лақтырып тастаған қара те­мі­рімізді Қытай қорытып, қайта өңдеп, түрлі ма­те­риалдар шығарып, осылайша өз бидайымызды өзімізге қуырып беріп отыр.
Бейресми мәліметтерге сәйкес, ай­даһар елі әр елден тиынға сатып алған темірлерден 50 жылға жететін қор жинап тастаған деген дерек бар. Демек, жақын болашақта олардың мұртын балта шап­пайды деген сөз... Қара темірдің бүгінде қара базардағы нарқы арзан емес. Оған дәл осы қара темір бизнесінің өркендеуі әсер етіп отыр. Бүгінде қала орта­лық­тарында «Темір қабылдаймыз» деп жазып қойып, нанын айырып отырғандар көп. Оларға ұрланған дүние ме, кәріз қақпағы ма, бәрібір қабылдай береді. Соның сал­дарынан түрлі ұсақ ұрлықтардан бастап, ауыр қылмыстарға дейін өршіп барады. Тамырлап кеткен қара темір саудасының қанатын кеңге жайғаны соншалық – алыс ауылдарға дейін барып болды. Кезінде колхоз, совхоздардың гараждарында керексіз болып үйіліп жатқан темір қалдықтарын тиын-тебенге саудалады. Бұрын үйдің ауласында қараусыз жататын көсеуге дейін қарауыл қоятын дәрежеге жеттік. Еліміз бойын­ша сауда-саттықтың жабайы түрі­мен қанша нүктенің айналы­сатындығы статистиктердің санағына енбей қалыпты. Әйтеуір, тексергіштердің құрығынан ада әзірге. Тексеру жүре қалған жағдайда өзінің өкіметке салық төлейтінін айтып құтылады. Осыған қарап жуық ара­да темір қабылдағыштардың басынан күн өтіп, маңдайына жел тимейтіні анық. Тиісті органдарға сұрау салғанымызда, «бүгінде қара темір қабылдайтын орындардың басым бөлігі жабылған. Тек заңға сәйкес тіркелгендері ғана жұмыс істеп тұр. Өткен жылы Сарыағаш ауданында ӘҚБтК-нің 357-1 бабы 1-бөлігімен арнайы лицен­зиясыз қара темір қабылдау пунктін ашып, қара темір қалдықтарын қабылдап, кә­сіпкерлік қызметпен айналысқандарға қатысты төрт әкімшілік іс қаралған. Осы іс бойынша 1 тонна қара темір қалдықтары мемлекет пайдасына тәркіленуі тиіс бол­ған. Алайда «мемлекет пайдасына алынбаған» деген жауапқа қанықтық.
Қара темір тапшылық тудырып отыр
Шымкенттегі индустрияландыру аймағында орналасқан Ferrum vtor өндіріс орны темір қалдықтарын балқытып, құрылысқа аса қажетті өнім өндіреді. Толық қуатында жұмыс істей бастағанына жетінші жылға аяқ басып келеді. Бүгінде құрылыс саласы аса ауқымды сұраныс тудырып отырған арматураның түрлі қалыңдықтағы түрлерін шығарады. Өндірілген өнімнің қоймада тау болып үйіліп жатқан кезі жоқ. Аларман мен ара­дағы келісімнің, одан қалса сұраныстың аса ауқымдылығына байланысты өтімділігі тез. Ішкі нарықтағы сұранысты толық қа­нағаттандырудан бөлек, шетелге шыға­румен де айналысады. Жамбыл, Қызыл­орда, Алматы облыстарынан бөлек, Тү­­рік­­менстан, Ауғанстан елдеріне экспорттайды.
Кәдірбек ЖӨҢКЕБАЙҰЛЫ, «Ferrum vtor» ЖШС-нің бас технологі:
– Күннен-күнге сұраныс артып келеді. Бір тәулікте 160-200 тоннаға дейін өнім шығарамыз. Зауыттың жылдық қуаты 60 мың тоннадан асады. Жобасы дайын тұрған 10 тонналық екі пешіміз іске қосылатын болса, онда өндіріс қуаты артатыны сөзсіз. Онда жылдық қуатымыз 100 мың тоннаға артар еді.

Нарықтағы аса сұранысқа ие өнім өндіріп отырған кәсіпорынның пробле­малары да жоқ емес. Ол – кәсіби маман­дардың аздығы. Жастардың бейнеті ауыр жұмыстан қашып, мұнда жоламайтындығы қынжылтады. Металлургия саласы бойын­ша оқыған мамандар ауадай қажет мұнда... Екінші проблема қара – темірдің қалдықтары осы өндіріске аса қажет болып отыр. Бүгінгі таңда зауыт қажетті темір қалдықтарын көрші облыстардан және Ресейден, Белоруссиядан сатып алуда. Темірдің бір тоннасын 34-35 мың теңгеге сатып алады. Ал жекелеген азаматтардың әкеліп өткізуі өте аз. Әрине, шетел асып кеткен темірдің «төркінінде қалған туыс­тары» жоқ та шығар бүгінде. Қоржын тү­бінде қалған құтқаны болса да ауадай қажеттілігі туып отыр. Осылайша өз қолымызбен шетелге «ұзатып» жіберген дүниенің құны артып отырған жайы бар. Мамандар болса «темір қабылдайтын бөлімдерді жабу керек» деп есептейді.
Мағжан ЕЛЕУБАЕВ, инженер:
 – Отандық өнім өндіруді молайту қажет дейді. Ендеше, өзімізде өндірі­летін өнімге жағдай жасау қажет. Темір қабылдайтын бөлімшелерді жауып, оның орнына зауытта қабылдайтын орын ашсақ ұтарымыз көп. Әрине, темір қабылдайтындар шетелге асы­рады. Одан да өзіміздің кәдемізге жа­ратқанымыз дұрыс емес пе? Оларды зауытқа әкеп өткізетіндей мәжбүрлік тудыру қажет.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста