Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүру қаупіне байланысты тасжолдардың бірі жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірдегі тасжолдардың біріне қар көшкіні түсуі ықтимал.
«Бүгін сағат 20.00-ден бастап облыстық маңызы бар «Өскемен-Таулы Үлбі-Солтүстік» тасжолының 30-37 шақырымында көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынады», - делінген ақпаратта.
Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.
Еске салсақ , осыған дейін ШҚО-ның таулы жерлерінде 20 ақпанға дейін қар көшкіні жүру қаупі бар екендігін хабарлаған едік.