Қар барысы «Алтын-Емел» ұлттық паркінде екінші рет фототұзаққа түсті

Қар барысы «Алтын-Емел» ұлттық паркінде екінші рет фототұзаққа түсті

Бұған дейін «Көлсай көлдері» ұлттық паркінде фототұзаққа қар барысы іліккені туралы хабарлағанбыз. Енді тағы бір жақсы жаңалық Қызыл кітапқа енген ерекше жыртқыш фототұзаққа тағы бір мәрте ілікті. Бұл жолы тұтас бір отбасы - аналық барыс және оның алдыңғы жылы туылған екі күшіктері байқалды, деп хабарлады ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұның алдында фототұзаққа түскен барыс аталық еді. Қазіргі уақытта парк аумағында БҰҰДБ-ның қар барысын сақтау жөніндегі жобасы іске асырылуда. Оның шеңберінде мамандар ұлттық парк аумағына бірнеше фототұзақ орнатты.

Ғалымдардың айтуынша барыстың бұл аумақта пайда болуына 2017 жылдан бастап осы паркте қар барысының негізгі қорегі – Сібір тау ешкісіне әуесқойлық және трофейлік аңшылыққа шектеу қойылғандығы себеп.

Ұлттық паркте қар барысынан өзге де Қызыл кітапқа енген жануарларды сақтау үшін мамандар ұлттық парктің күзет аймағына, сондай-ақ Жоғарғы Көксу қаумалы мен Орықты, Түлкілі, Қояндытау, Тоқсанбай, Атыжоқ, Дулантау, Ортатау тауларына тездетіп экологиялық дәліз құруды ұсынады. Бұл «Алтын – Емел» тау сілеміндегі қар барысы популяциясының кедергісіз көшуіне және сақталуына ғана емес, сондай-ақ ұлттық паркте арқар, түркістан сілеусіні, сабаншы, Тянь-Шань қоңыр аюы, тас сусары сияқты сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлардың көбеюіне ықпал ететін болады, - делінген ақпаратта.

baq.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста