Қостанай облысында бір апта іздестірілген малшы аман табылды, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Амангелді Тұржанов 20 ақпанда Амангелді ауданында жоғалып кеткен. Ол түнде жылқыларды іздеуге шыққан.
"Іздеу жұмыстарына елуге жуық адам қатысты, бұл полицейлер, құтқарушылар және жергілікті тұрғындар. Сондай-ақ 49 жастағы ер адамды іздеуге 26 ақпанда Нұр-Сұлтаннан тікұшақ жіберілді. Тікұшақтан жылқыны көрдік, оның жанынан ер адам табылды. Ол қар басқан қамыстың астында жатып, аман қалған", - дейді құтқарушылар.