Қақаған қыста қияр пісті

Шығыс Қазақстандағы Зайсан ауданының Дайыр ауылында қыс ортасында қияр пісті. Сарышұнақ аязда ауылдағы жылыжайда піскен қияр бүгінде мектеп асханасындағы ақ дастарқанның сәніне айналып үлгерді.
Зайсан ауданы әкімінің баспасөз орта­лығынан хабарлағандай, былтыр күзде Дайырдағы Мүкәрама атындағы орта мектептің жылу қазандығының дәл іргесінен жылыжай құрылысы қолға алынған. Бірақ ауылдықтар бұған пәлендей мән де бермепті. Бұлай ететін жөні де бар. Біреулер жылыжай жайлы естігенімен, көзбен көрмегендер қаншама! Тіпті оны салу жөніндегі игі іс бұрын-соңды қолға алынып көрмепті де бұл жерде.
Алайда нәтижесі жаман болған жоқ. Былтыр дәл осы уақытта шағын жылыжай іші жап-жасыл болып жайқалып тұрды. Ол кезде береке-бірлігі жарасқан ұжым мүшелері әрқайсысы 100 түптен қияр мен қызанақ тұқымдарын еккен. Солардың әрбіреуін қылтиып шыққан сәтінен ерекше күтіммен баптаған. Алғашқы өнім шалқам болса, артынша ауылдықтар қияр мен қызанақтың дәмін татыпты.
Биыл да сол үрдіс жалғасын тауып, Мү­кә­рама орта мектебінің жанында салын­ған жылыжайда екінші жыл көкөніс түрлері жемісін беріп жатыр. Бүгінгі күні жапырақ­тары жайқалған көкөністерден алғашқы болып қияр өнім берді. «Бұл істің басы-қасында жүрген биология пәні мамандары мен жылыжай тіршілігіне жа­уап­ты адам­дардың атқарған істері өз нәти­жесін көр­сетіп отыр» дейді баспасөз орталығын­дағылар. Қарапайым тәсілмен жүзеге асы­рылған жылыжайдың ішінде қалыпты жылылық сақталған. Айтуларынша, өнім­нің сапасы жақсы, дәмі тіл үйіреді. Бұл шар­уа аудан жұртшылығына қаһарлы қыс айларында да амалын тауып, ерінбей еңбектенсе, көкөністің түр-түрін өсіруге болатынын дәлелдеген игілікті іс екендігімен ерекшеленбек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста