Қанат Бейсекеев Қазақстанда деректі фильмдерді қалай түсіру керектігін айтты

Қанат Бейсекеев Қазақстанда деректі фильмдерді қалай түсіру керектігін айтты

Қазақстандық деректі кинорежиссер Қанат Бейсекеев кезекті Huawei Media Hub спикері болды. Бұл кездесу Қазақстанда шуды азайтудың Open-fit ANC 2.0 технологиясымен жабдықталған Huawei FreeBuds 4 жаңа сымсыз құлаққаптарының сатылымының басталуына орай ұйымдастырылды.

ҚР Мәдениет және Cпорт министрлігінің ақпараты бойынша 2015 жылдан 2019 жыл аралығындағы 5 жыл ішінде 135 қазақстандық фильм түсірілді. Оның 75-і деректі фильм. Пандемия кезеңі деректі фильмдер саласында жаңа есімдерді ашты. Үздіктердің арасында Huawei Media Hub қонағы Қанат Бейсекеев бар. Қазақстан мен Орталық Азиядағы Huawei Device компаниясының директоры Фан Джинйонг технологиялардың қол жетімділігі мен шығарылатын контент сапасының өсуі арасындағы байланысқа қатысты өз ойын білдірді:

«Кез келген ғаламтор қолданушысы, мейлі кәсіпқой болсын, әуесқой болсын, фотосуреттер мен бейнелерді түсіруге, сонымен қатар ғаламтордағы ақпаратты қарауға және тыңдауға арналған жоғары сапалы қолжетімді құрылғыларға мұқтаж. Бұл мақсат біздің өнімдерімізге қатысты. Адам өзін еркін сезіне алу үшін қолжетімді жоғары технологиялық экожүйені құруға ұмтыламыз. Huawei Freebuds 4 шығармашылыққа бет бұрған батыл жандар үшін арнайы жасалған. Шуды жоюдың соңғы жүйесімен қорғалған кристалды таза дыбыс, қуаттауға алаңдамай жасауға мүмкіндік беретін автономия және идеяларды іске асыру үшін қол жетімді баға. Жаңа HUAWEI FreeBuds 4 сымсыз құлаққабы жеңіл және қолдануға ыңғайл

Huawei Media Hub аясында Қанат Бейсекеев деректі контентті жасауға арналған құрылғылардың қолжетімділігі мен алуан түрлілігін атап өтті:

«Деректі фильм мен публицистика - бір-біріне сәйкес келетін жанрлар. Деректі фильмнің журналистика сияқты өзіндік заңдылықтары бар. Мысалы, сіз айтылып жатқан хикаяны бірінші орынға қоясыз. Қалғаны - бұл хикаяны оқырманға немесе көрерменге түсінуге көмектесетін құралдар.

Негізгі түсірілім заңы өзгерген жоқ, бірақ түсіру құралдары өзгерді. Енді сізге бірнеше ондаған келідегі немесе ондаған мың долларлық құрал-жабдықтар қажет емес. Телефон мен құлаққаптары бар адамдар әңгіме құруға қабілетті. Фильмнің сәттілігі кейіпкерлер, атмосфера, сценарий, дыбысқа байланысты. Жеңіл түсіре алатын хикаялар бар, бұл үшін мобильді сымсыз құрылғылар қолайлы. Бұл ұтқыр жылдамдықты арттырады және кейіпкерлерге ыңғайсыздық туғыздырмайды»

Huawei Media Hub - бұл Қазақстанда IT -журналистиканы және блогты дамыту үшін Huawei жүргізетін журналистер мен блогерлерге арналған білім беру жобасы. FreeBuds 4 құлаққаптары туралы қосымша ақпаратты мына жерден алуға болады: http://consumer.huawei.com/kz/audio/freebuds4/

HUAWEI Consumer Business Group туралы:

HUAWEI өнімдері мен қызметтері 170-тен астам елде қолжетімді, ғаламшардың үштен бір халқы пайдаланады. Компания АҚШ, Германия, Швеция, Ресей, Үндістан және Қытай сияқты мемлекеттерде 14 ғылыми-зерттеу орталығын ашты. HUAWEI Consumer BG — смартфондарды, ноутбуктар мен планшеттерді, тасымалдайтын электрониканы, мобильді кеңжолақты кіру құрылғыларын, үйге арналған шешімдерді, сондай-ақ бұлттағы сервистерді әзірлеумен және өндірумен айналысатын HUAWEI компаниясының үш бизнес бөлімшелерінің бірі болып табылады.  HUAWEI ғаламдық желісінің артықшылықтары, дүние жүзіндегі операциялық қызметтерінің көлемі және дамыған серіктестік желісі телекоммуникация саласындағы 30 жылдан астам жұмыс тәжірибесінің негізінде құрылған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста