Саясаткер Жанболат Мамайдың әйелі Инга Иманбай оған тағылған айыптың өзгертілгенін мәлім етті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Нalyq-uni.kz-ке сілтеме жасап.
24 қазанда Жанболаттан жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырған деген айып алынып тасталды. Қазір оның ісін ҚР Қылмыстық кодексінің 400-бабына («Заңсыз митинг ұйымдастыру») өзгертті және ол әлі де қамауда. Оған сот және жаза қаупі төніп тұр, - деді Инга Иманбай Адам құқығы жөніндегі Еуропарламент комитетінің отырысында.
Еске сала кетсек, Жанболат Мамай биылғы наурыздан бері қамауда отыр.