Қалқаман ауруханасында жаңа технология көмегімен ота жасалды

Алматыдағы №7 Қалалық клиникалық аурухананың хирург-проктолог мамандары көтеу мен кіші дәретін ұстай алмай, жылдар бойы ауру зардабынй тартып келген 54 жастағы әйелге күрделі аралас ота жасады, деп хабарлайды аурухананың баспасөз қызметі.
Хабарламаға сүйенсек, көтеу салдарынан тік ішегі сыртқа айналып шығып кеткен пациент түшкіргенде, жөтелгенде кіші дәреті шығып кететінін айтқан. Тексеру барысында қуықтың артқы жағы төмен түсіп, тік ішектің сыртқа шығып кеткені анықталды.
«Пациентке бір уақытта екі ота жасалды. Яғни, қуық көлемін кішірейттік және III-IV стадиядағы геморройға жаңа Лонго әдісі бойынша операция жасап шықтық. Манипуляциялардың бәрі геморрой түйіндерінің жоғары жағына жасалады, рецепторлар көп орналасқан аумаққа тиіспейміз. Сондықтан операциядан кейін ауырсыну сезімі болмайды», - дейді аурухананың проктология бөлімшесі меңгерушісі, хирург-проктолог Марат Каленбаев.
Айтуынша, бұл әдістің өзіндік артықшылықтары бар. Мәселен, ішектің анатомиялық құрылымы тез арада қалпына келеді, пациент денсаулығының қалпына келу уақыты қысқарады, отадан кейін асқыну мен ауырсыну болмайды. Ота нәтижесінде пациент тез оңалып, дәрет жүру процесі қалпына келді.
«Қалқамандық дәрігерлердің арқасында операция сәтті өтті. Нәтижесін бірден байқадым. Тағы бір байқағаным, мұнда пациенттердің бәрі тез оңалып, ауруханада көп жатпай шығып кетеді екен. 7-ауруханаға, әсіресе маған ота жасаған қолы алтын дәрігер Марат Каленбаевқа көп рақмет!», - дейді пациент.
Естеріңізге сала кетсек, аса күрделі жоғары технологиялық ота жоспарлы түрде, МӘМС пакеті шеңберінде жасалды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста