Қайырымдылық қорлары қара тізімге ілігеді

Қайырымдылық қорлары қара  тізімге ілігеді

Қазақстанның қайырым­ды­лық қорлары жұмысының есе­бін топтастыратын интернет ре­сурс пайда болды. Жұмыс нәтижелерін жұртқа паш еткен ұйымдар «Мен адалмын» төсбелгілеріне ие болды. Қоғам­ға адал қызмет етіп жүрген бірнеше қор көлемді қаржы­лай көмекке қол жеткізе алады.
Қазақстанда үшінші рет «Қазақстандағы қайырымдылық» атты халықаралық ғылы­ми-тәжірибелік конференция өтті. «Бауыржан» және «Алтын қыран» қайырым­ды­лық қорлары ұйымдастырған жиынның биылғы тақырыбы – «Қазақстанның қайы­рым­дылық қорларының тиімділігі мен ашық­тығы». ҚР Статистика агенттігінің мә­лі­меттері бойынша, елімізде 9092 үкі­мет­тік емес ұйым бар. Олардың 2067-сі Ал­маты қаласында орталықтандырылған. Тір­келген ұйымдардың негізгі міндеттері – қоғамдық маңызы бар жұмыстарды ат­қа­ру. Ал филантропия саласындағы мәсе­лелерді талқылап, шешімін табатын пікірталас алаңы әзірше елімізде жалғыз, ол – жыл сайын өтетін осы конференция. Бұл жол­ғы басқосу жылдағыдан біршама өз­геше болды. «Бауыржан» қайырымдылық қорының директоры Жұлдыз Омарбеко­ва­ның айтуынша, коммерциялық немесе қо­ғамдық қор болып тіркелетіндер саны күн санап өсуде. Бірақ жартысынан көбінің қоғамға пайдасы жоқ. Қаржының қай­дан келіп, қайда кеткені жайлы есеп те бе­ріл­мейді. Үкіметтік емес ұйымдардың ашық­тығы мен адалдығын айшықтау мақ­сатын­да жаңа ғаламтор парағы ашылды. Биылғы басқосудағы басты өзге­шелік пен жаңалық та – осы. Енді тіркеуде тұрған ұй­ым­дар жұмыс нәтижелері мен есептерін ғаламтор бетіне жария ете алады. Есеп беруден бас тартқандар қара тізімге ілігеді. Жиын барысында есебін ұсынғандарға «Мен адал­мын» төсбелгілері табыс етілді. Ал «Ал­тын қыран» халықара­лық қайырым­ды­лық қорының басшысы Исламбек Сал­жанов адал еңбегі мен жұ­мы­сының нәти­жесін ашық көрсетіп, дәлел­деген қорларға қаржылай көмек көрсетуге сөз берді. Кон­фе­ренцияға арнайы шақы­рылған Ресей мен Ұлыбритания қоғамдық қор­ларының жетекшілері өз тәжірибеле­рімен бөлісіп, салыстырмалы талдаулар жасады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста