Ресей президенті Владимир Путин мен Украинадағы соғысты қолдайтынын айтқаны үшін «Ақ жол» партиясынан шығарылған депутат Азамат Әбілдаев бұл шешімге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Оrda.kz-ке сілтеме жасап.
Әбілдаев партия шешімімен толықтай келісетінін айтып, ешкімге реніші жоқ екеніне сендірді.
– Партияның шешімі дұрыс. Партия деген партия ғой. Ұлттық кеңес. Ол жерде 40 мүшесі бар. Ертең сайлау келе жатыр. Өзімнің бір сөзім үшін партияны «подставить етпеймін» ғой. Мен олармен келісемін. Дұрыс жасады. Менен интервью алған қызға да ренішім жоқ. Маған қарсы дауыс беріп, партбилет алғандарға да, ешкімге ешқандай ренішім жоқ. Бір нәрсені түсінуіміз керек: ұлтшыл-патриоттар деп Украина сияқты болып кетпесек болды. Басқа ештеңе демеймін, – деді ол.