Президенттікке кандидат Қайсаровтың қазақшасы комиссияны шошытты

Орталық сайлау комиссиясында президенттікке кандидат Уәлихан Қайсаров қазақтың көптеген байырғы сөздерін түсіне алмады.

Лингвистикалық комиссия өз шешімін шығарғаннан кейін Қайсаровқа сұрақ қою мүмкіндігі берілді.

"Сіздер ТМД деп айтып отырсыздар. Бірақ, ТМД деген сөз сұрақта болған да жоқ, айтылған да жоқ. Сол ТМД-ны қайдан алдыңыз?", - деді кандидат Уәлихан Қайсаров комиссия төрағасы Мырзатай Жолдасбековке.

"Мен оны ойлап тапқаным жоқ. Бұл бұрынғы Кеңес одағының құрамында болған мемлекеттердің 1991 жылғы желтоқсанда Алматыда құрған достастығы. Содан кейін біздің Тәуелсіздігіміз басталды. Сізге берілген тақырып "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы: тарихы мен бүгіні", - деді Жолдасбеков.

"Иә", - деді Қайсаров. - Бірақ ТМД қай жерде? ТМД Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қазақшасы ма сонда?".

"Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы дегеніміз, осы сөздердің бас әріптерін алсаңыз ТМД болады", - деді тағы бір мәрте түсіндірген комиссия төрағасы.

Кандидат сонда да комиссия мүшесінің мұндай дәйектерге келіспейтіндігін айтты.

"Ол түсінікті ғой. Бірақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы дегеніміз - Қазақстанның басқа тәуелсіз мемлекеттермен достастығы. Мысалы, Ресей де, Өзбекстан да, Қырғызстан да тәуелсіз ғой", - деді кандидат.

"Сіз тақырыпты түсінбегенсіз, әңгіме басқада. Сіз Қазақстанның дос мемлекеттері деп Қытайды, Американы атадыңыз, дұрыс. Шүкір, Қазақстан барлық мемлекеттермен жау емес, дос. Бірақ, мына тақырып анық, ал ол ашылмаған, сіз ол жайында жазбағансыз", - деді Жолдасбеков.
Үміткер шығармада 23 қате жіберді. Атап айтсақ, тыныс белгісінен -11, еміледен - 5, стилистикалық 7 қате кездесті.

"Сіз екінші кезеңде Есенберлиннің "Алмас қылышын" оқыдыңыз. Бірақ мен бір сұрақ қойып едім, сіз өзіңіз оқыған мәтінде не айтылғанын түсінбедіңіз. Мәтін ішінде жазушы қолданған бірқатар қазақтың байырғы әдемі сөздері бар. Жылышырай, тарту-таралғы, қырғи-қабақ, сойылын соғу деген сияқты сөздерді сұрап едім, мағынасын түсіндіріп айта алмадыңыз", - деді комиссия төрағасы.

inform.kz

news.nur.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста