Президент Таразда қолөнершілер көрмесін аралап көрді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешеніндегі Жамбыл өңірі қолөнер шеберлерінің көрмесіне барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
Президент «Шебер шаңырақ» мүмкіндігі шектеулі жандар қоғамдық бірлестігі, «Өшпес мұра» Жамбыл облысы қолөнер шеберлерінің қауымдастығы, «Жамбыл облысы қолөнершілер одағы» қоғамдық бірлестігі, Асыл-Дизайн» сән үйі және басқа да ұйымдар шеберлері жасаған бұйымдарды тамашалады.

Көрмеге  29 қолөнер шеберінің ағаш, тері және киізден жасаған бұйымдары, қыш ыдыстар, панно, ұлттық музыкалық аспаптар, ұлттық киім үлгілері, ат әбзелдері, зергерлік бұйымдар қойылған.

Мемлекет басшысына көрсетілген «Киіз үй» инсталляциясында жастарға тоқыма, киіз басу, құрақ құрау, ұршық иіру, сырмақ сыру және басқа да өнер түрлері бойынша шеберлік сабағы өткізілді.

Сонымен қатар көрмеде көшпенділердің заманауи әлемдік үлгіде жаңғыртылып, нео-фольклор стилінде тігілген көпғасырлық дәстүрлі киімдері және дала гүлдері мен шөптерінің хош иістерінен жасалған иіссулар көрсетілді.

Жуырда Тараз Дүниежүзілік қолөнершілер қалалары тізіміне енгені туралы сертификат алды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста