Мақтаарал аудандық полиция бөліміне алаяқтық дерегі бойынша бірнеше жергілікті тұрғыннан арыз келіп түсті. Жәбірленушілердің айтуынша, өздеріне таныс емес біреу, мемлекет тарапынан қайтарымсыз несие алуға көмектесемін деп ұсыныс білдірген.
Оған сенген үш ауыл тұрғындары 150-ден 300 мың теңгеге дейін ақша беріп, соңында алданып қалған.
Алаяқтың жеке басын анықтау мақсатында, полиция қызметкерлері қажетті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде күдікті ретінде Мақтаарал ауданының тұрғыны ұсталды.
Аталған жайттар бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Полиция үш ауыл тұрғынын қайтарымсыз несие әперемін деп алдаған алаяқты анықтады
Последние статьи автора