Өткен аптада Алматы облысы, Сарқанд ауданында болған қылмыстық оқиға кезінде полиция қызметкерлерінің бірі қаза тауып, тағы біреуі ауыр жараланған болатын. Кеше осы оқиғаға қатысы бар екі азамат құрықталды. Тергеу-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Алматы облыстық ішкі істер департаментінің тіл саясаты және ақпарат бөлімінің инспекторы Нұрым Ивуллаевтың сөзіне қарағанда, 1991 жылы туған Дәурен Рысхан мен Жасұлан Исатайұлы ұрлық жасағандары үшін бұдан бұрын да істі болған көрінеді. Оның айтуынша, оқиға мамырдың 29-ы күні басталған. Сарқанд аудандық ішкі істер бөліміне орман шаруашылығы басқармасының директоры қоңырау шалып, «Ауди-100» жеке автокөлігінің ұрланғанын хабарлайды. Арнайы жүргізілген іздеу кезінде полиция инспекторы Дәулет Мырзабаев жолда кетіп бара жатқан көлікті көріп тоқтапты. Баукеспелер жауап ретінде инспекторға аңшы мылтығынан оқ жаудырған. Тәртіп сақшысы ауыр жараланғандықтан, ол күні қашқындарды ұстау мүмкін болмаған. Іздеу жарияланған қылмыскерлерді келесі күні полиция бөлімінің кезекшісі Ермұқан Қасенов дүкендердің бірінде кездестіреді. Құқық қорғау қызметкерін бірден таныған күдіктілер оған қарсы оқ атып үлгереді. Мойнынан жарақат алған Е.Қасенов оқиға орнында тіл тартпастан қайтыс болды. Ал оң иығынан жараланған полиция инспекторы Д.Мырзабаев аудандық емханада жатыр.
Полиция қызметкерін өлтіргендер ұсталды
Последние статьи автора