Полицейлердің бастамасымен жол бойына үй жануарларының макеттері қойылуда
Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында түрлі шараларды іске асыруда. Күнделікті тәртіп сақшыларымен профилактикалық, рейдтік жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар жылқылардың мойнына жарық шағылыстыратын таспалар ілінуде. Десекте жайылымға қараусыз жіберілген малдардың қатысуымен жол апаттары орын алып жатады.
Ал үй жануарының қатысуымен болған оқыс апаттардың салдары ауыр жағдайға соқтырады. Осындай олқылықтардың алдын алу мақсатында полицейлер аудандық әкімдіктерге ұсыныс жолдап, нәтижесінде облыс көлемінде республикалық, облыстық маңызы бар тас жолдарға үй жануарларының 35 макетін қойды.
Атап айтсақ, Бәйдібек, Келес, Мақтаарал, Сауран, Созақ аудандарына 23 дана жылқы, 1 дана түйе, 11 дана сиыр макеті орналастырылды.
Полицейлердің айтуынша, мұндай амал оқыс жағдайлардың азаюына тигізер пайдасы зор.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі