Полицейлер жетісайлық тұрғынның жеке куәлігін рәсімдеуге көмектесті
Жетісай аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметі полицейлері құжаты жоқ жергілікті тұрғындарға олардың құқықтық мәртебесін анықтау және құжаттандыру үшін көмек көрсету жөніндегі жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыруда.
Мәселен аудан тұрғындарының бірі Жұмабек Ақылбеков көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлерінен көмек сұрап, жеке куәлігінің жоқтығын хабарлады. Анықталғандай, ол ұзақ уақыт бойы ескі үлгідегі төлқұжатпен жүрген.
Ер адамның өтініші негізінде көші-қон қызметінің қызметкерлері тиісті құжаттарды дайындады. Қажетті рәсімдерден кейін тәртіп сақшылары ауыл тұрғынына жаңа жеке куәлікті табыстады.
Жергілікті тұрғын полиция қызметкерлеріне жеделдігі үшін алғысын білдіріп, жұмыста табыс тіледі.
Түркістан облысы баспасөз қызметі
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу