Полицейлер студенттерге есірткіге қарсы семинар өткізді

Полицейлер студенттерге есірткіге қарсы семинар өткізді

Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ЖИТС орталығының өкілдерімен бірлесіп, Спорт және туризм университетінің студенттеріне нашақорлықтың алдын алу тақырыбында семинар ұйымдастырды.

Жастармен кездесу аясында есірткінің, оның ішінде "синтетикалық есірткінің" зияндылығы туралы айтылып, психотроптық заттарды қолданудың кері әсері ұғындырылды. Семинар барысында тәртіп сақшылары мен дәрігер-нарколог, әрбір тұрғын өзін есірткінің зиянды әсерінен және заңсыз әрекеттерден қалай қорғауға болатыны туралы кеңестер берді. Сондай-ақ студенттермен нашақорлықтың алдын алу тақырыбында тестілеу өткізді. Өз кезегінде полицейлер студенттерді дені сау және заңға бағынатын азамат болуға шақырды, ал қатысушылар ұйымдастырушыларға қызықты және мазмұнды түсіндірме жұмыстары үшін алғыс айтты. Іс-шара соңында тәртіп сақшылары нашақорлықтың алдын алуға, салауатты өмір салты құндылықтарын насихаттауға белсенді қатысқан студенттерге естелік сыйлықтар табыс етті.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста