Полицейлер «Қорғау-Қауіпті жүргізуші» бағдарламасымен құжатсыз көлік тізгіндеген 215 жүргізушіні анықтады

Өткен жылдың мамыр айынан бастап облысымызда жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушыларды дер кезінде анықтау мақсатында, «Қорғау-Қауіпті жүргізуші» бағдарламасы іске қосылды. Түркістан қаласындағы 69 және республикалық маңызы бар жолдарға орнатылған 18 зияткерлік жүйелерден ақпарат келіп түссе, бұл жаңа бағдарлама осындағы полиция қызметкерлерінің қызметтік планшеттеріне енгізілген. Жедел басқару орталығымен қолданысқа жаңадан енгізілген бағдарламасының мүмкіндіктері пайдаланып, айыппұлдары төленбеген автокөліктер тоқтатылып, тексерілді.
Осы ретте Түркістан облысының полицейлері бірталай құқық бұзушылықтарды анықтап, тиісті жауапкершілігін қарады. Мәселен 2022 жылы Түркістан облысы ПД Жедел басқару орталығы қызметкерлері мен патрульдік полиция қызметкерлері бірлесіп, жол жүру ережесін бұзған 1913 автокөлікті айыптұраққа қойған. Оның ішінде жалған мемлекеттік белгі қолданудың 22 жайты, құжатсыз көлік тізгіндеудің 215 дерегі анықталған.
Мәселен планшетке «HYUNDAI TUCSON» маркалы көлікке төленбей жүрген айыппұлдары бары жөнінде белгі берілген. Дабыл түсісімен полицейлер аталған көлікті тексеру мақсатында тоқтатып, құжаттарын қарайды. Нәтижесінде жүргізушінің жылдамдықты арттыру салдарынан 1 миллион 400 мың теңгеден астам айыппұл бойынша берешегі бар болып шықты. Полицейлермен профилактикалық әңгімелесу жүргізіліп, көлік иесі барлық айыппұлдарын төлеген. Бұл бағыттағы жұмыстар тәртіп сақшылары тарапынан жалғаса бермек.


Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста