Полицейлер қару қолданып, бұзақылық жасаған күдіктіні ұстады
Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын бұзақылық қылмысы бойынша арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, оны белгісіз біреу қарумен қорқытып, ұрып-соғып, дене жарақатын салған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі "Бұзақылық" бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Оқиға орнына шыққан жедел-тергеу тобы күдікті адамдарды анықтау бойынша қажетті шараларды атқарды. Қылмысты ашуға Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мен Түркістан қалалық полиция басқармасының полицейлері бағыт алды.
Нәтижесінде полицейлер бұзақылық жасады деген күдіктіні анықтады. Жедел уәкілдер тінту кезінде одан есірткі заты мен шолақ мылтық, пышақ тәркіледі.
Қазіргі уақытта осы жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тағайындалған сараптамалар қорытындысымен заңды процестік шешім қабылданатын болады.
Күдікті Түркістан қаласының тұрғыны қамауға алынды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі