Полицейлер лицензиясыз темекі сатқан тұрғынды анықтады
Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері алкоголь, темекі өнімдерінің заңсыз айналымына қарсы жедел-профилактикалық іс-шара өткізуде. Осы бағытта жүргізілген рейд кезінде полицейлер, С.Ерубаев көшесінде орналасқан сауда орнында лицензиясыз темекі өнімдерінің сатылып жатқанын анықтады. Аталған жайт бірден тіркеуге алынды.
Тінту барысында дүкен иесінен түрлі маркадағы жалпы саны 60-қа жуық сатылуға рұқсаты жоқ темекі алынды.
Қазіргі таңда жинақталған іс құжаттар заңды шешім қабылдау үшін Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолданды.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу