Польшаның Великопольски аймағының астанасы Познань қаласындағы Адам Мицкевич атындағы университеттің шығыстану және түркология институтында қазақ бөлімі ашылды.
Бөлімнің ашылу салтанатына қазақстандық және поляк дипломаттар, университет басшылары, осы ел ғалымдары және Польшадағы түркі қауымдарының өкілдері – татар және караим бірлестіктерінің өкілдері қатысты. Сондайда поляк студенттері қазақ халық әндерін орындап, Абайдың «Қара сөздерінен» үзінді оқыды. Сонымен қатар Қытай мен Моңғолияда тұратын қазақтар өмірі туралы деректі фильм көрсетіліп, Қазақстанға арналған сурет көрмесі ұйымдастырылды.
Бөлімнің жетекшісі болып Познань университетінде бес жылдан бері қазақ тілінен сабақ беретін Гүлайхан Ақтаева тағайындалды.
Қазіргі кезде Адам Мицкевич атындағы университетте 40-қа жуық поляк студенті қазақ тілін оқиды. Ал шығыстану және түркология институты мамандары өз күшімен таяуда ғана «Поляк-қазақ сөздігін» құрастырды. Сөздік таяу арада басылып қалмақ.
Польша университетінде қазақ бөлімінің ашылуы Қазақстан мен Лехистан байланысын дамыту үшін ғана емес, сонымен бірге қазақ елі мен ЕО қатынасы барысында да маңызды болып табылады.
Поляктар қазақша оқи бастады
Последние статьи автора