Петропавлда 17 жастағы бойжеткенді зорлаған бес жігітке сот үкімі шықты. Олар топтасып алып жергілікті колледж студентін әбден қорлаған. Олар ауыр жаза арқалады, деп хабарлайды “КТК” арнасы.
Сорақы жағдай былтыр маусым айында қала сыртындағы демалыс орындарының бірінде болған. Күдіктілер мен 17 жастағы бойжеткен демалыстарын бір жерде өткізген. Сот процесі жабық жағдайда өткендіктен оқиғаның жай-жапсары айтылмады. Күдіктілердің жас шамасы 17 - 21 жас аралығынада.
Олар кінәсін мойындамай, өзін ақтамақ болды. Дегенмен куәгерлердің сөзі мен сараптама қорытындысы қылмысты толық дәлелдепті. Демалыс орнында араққа сылқия тоған бес жігіт зорлық әрекетті қасақана жасағаны анықталды. Сот шешімімен олар жәбірленушіге10 миллион теңге өтемақы төлеуге тиіс. Қылмыскердердің үшеуі 16, екеуі 10 жылдан арқалады. Арасындағы біреуі кәмелетке толмаған.
“Қылмыстың ауырлығын ескере отырып, түбегейлі 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесіледі. Жазасын кәмелетке толмағандарды ұстау мекемесінде өтейді. Сонымен қатар кәмелетке толмағандармен және педогогикалық жұмыспен айналысу құқығы екі жылға шекетелді”, – дейді судья Сергей Викторенко.