Педофилдердi химиялық кастрация жасау 2018 жылдан енгiзiледi
Елiмiзде педофилдердi химиялық пiштiру жазасы 2018 жылдан енгiзiледi. Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде балаларды қорғау күнiне арналған баспасөз мәслихатында ҚР IIМ Әкiмшiлiк полиция комитетiнiң бөлiм басшысы Әсет Оспанов айтты, деп хабарлайды bnews.kz тiлшiсi.
«Педофилдерге қатысты қылмыстық iстi тергеу барысында сот-психиатриялық сараптама тағайындалатын болады. Бұл экспертиза қорытындысы адамның кәмелеттiк жасқа толмағандарға әуестiгi бар екендiгiн көрсетедi. Осы қорытынды бойынша сот оған химиялық пiштiру жазасын кесу бойынша шешiм қабылдайды. Бұл норма елiмiзде 2018 жылдан күшiне енедi», - дедi Ә.Оспанов.
Айта кетейiк, педофилдердi химиялық пiштiру қарастырылған заң жобасы биыл қабылданды.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу