Павлодарда ауыл әкімі кәсіпкерді соққыға жыққан
Әкім дәретханада ауылдасын ұрып-соқты деген күдікпен айыпталуда, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотына Павлодар ауылының әкіміне қатысты әкімшілік іс келіп түсті.
Сот отырысында 17 маусым күні Павлодар кафелерінің бірінде Павлодар ауылының әкімі мен Железин ауданының тұрғыны арасында жанжал шыққаны туралы белгілі болды. Оның нәтижесінде ауыл тұрғыны дене жарақаттарын алған. Олар медициналық сараптамамен расталады.
Алайда айыпталушы өзінің кінәсін мойындамады. Павлодар ауылының әкімі дәретханада айқай-шуды естігенін жоққа шығармайды, бірақ-та өзі ешкімді көрмегенін атап өтті.
Сотта зардап шегуші мен айыпталушы бір ауылдан екені анықталды.
Аталаған іс ҚР ӘҚБтК-нің 73-1-бабы (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша қаралып жатыр.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz