Павлодар облысында полицей өз-өзіне қол жұмсады
Ақсудағы ауылда өз үйінің қорасында учаскелік полиция инспекторының мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
«23 ақпан сағат 06.35-те Ақсу қаласының М.Омаров атындағы ауылында өз үйінің қорасынан учаскелік полиция инспекторының мәйіті табылды. Ол суицид жасаған», - делінген Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған хабарламада.
Әйелінің айтуынша, олар күйеуі екеуі жиі жанжалдасқан.
«Полиция Қылмыстық кодекстің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады», - делінген хабарламада.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу