Павлодар облысының тұрғыны әлеуметтік желілерде порнография таратқаны үшін сотталды. Сот оның бір жылға бостандығын шектеп, жүз сағаттық мәжбүрлі еңбекке міндеттеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
47 жастағы ер адамға қатысты қылмыстық іс Успен аудандық сотында қаралды.
"Сотталушы ҚР ҚК-нің 311-бабы "порнографиялық материалдарды заңсыз тарату" бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот оған пробациялық бақылау орнатып, 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тарта отырып, бір жылға бас бостандығын шектеді", - деп хабарлады Успен аудандық сотының баспасөз қызметі.
Іс сотқа прокурор мен сотталушы арасында жасалған кінәні мойындау туралы мәміле түріндегі процессуалдық келісіммен келді.
"Сот 2020 жылдың желтоқсанында сотталушы екі ауылдасына қарсы материалымен жеке қастық әрекетінен WhatsApp мессенджер тобында порнографиялық видео материал таратқанын, бұл қолданушылардың шектеусіз санына қол жетімді болғанын анықтады", - деді ведомствода.
Сотта ер адам "Купи-Продай" парақшасына компромат жіберген. Сотталушы  бұл порно материалды қайдан алғаны белгісіз. 
"Бұл қылмыс ауыр емес санатқа жатады.
Қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін жағдай шын жүректен өкіну деп танылды. Ауырлататын жағдайлар анықталған жоқ", - деп атап өтті соттың баспасөз қызметі.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.