Елімізден кеткен көшіп-қонушылардың тіркелу саны 4%-ға көбейіп, 11686 адам құрады, көші-қонның айырымы 5300 адам болды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Облыстық статистика департаментінің мәліметінше, өңірге сыртқы көші-қон бойынша 497 адам көшіп келді, соның ішінде ТМД елдерінен – 427 адам (82,9% Рессейден келген), ал әлемнің басқа елдерінен 70 адам көшіп келді (47,1%-ы – Моңғолиядан, 24,3%-ы – Германиядан).
«Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өндеу нәтижесінде 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 8,9%-ға азайып, 6386 адам құрады», - делінген хабарламада.
Қазақстанның басқа өңірлерінен 5889 адам Павлодар облысына көшіп келді, олардан 1647 адам (28%) – Нұр-Сұлтан қаласынан, 930-ы (15,8%) – Шығыс Қазақстан облысынан.
2021 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында облыстан республика шегіне 3352 адам, оның ішінде ТМД елдеріне 2837 адам (98,2% Рессейге кетті), әлемнің басқа елдеріне 515 адам қоныс аударды (92,8% Германияға).
Қазақстанның басқа өңірлеріне 8334 адам көшіп кетті, олардың ішінде 4363 адам (52,4%) – Нұр-Сұлтан қаласына, 893 адам (10,7%) – Алматы қаласына.