Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Павлодар қаласы әкімінің орынбасарын ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, күдікті Павлодар қ. ПБ УҰИ-на қамауға алынды.
«ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», - деп хабарлады Антикор.