eGov порталында пәтерлерін жалға берушілерге арналған электронды келісімшарттар пайда болуы мүмкін, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин осындай ұсыныс жасады.
Оның айтуынша, қызметтің бұл түрі 2 тарап үшін де ыңғайлы болады.
Яғни үйін жалға беретін азамат пен оны алатын адам аз уақыт ішінде құжатқа қол қоя алады.
Электронды келісім-шарт енгізілсе, пәтер ақысын шарықтату және үйден шығарып жіберу деректерін тоқтатуға болады.