Пагон таққан педагогтар көбейетін болды

Соңғы кезде мектеп оқу­­шылары арасында қыл­­мыс түрлері көбейіп кет­­ті. Әсіресе топ болып тө­­белесу, бір-біріне пышақ ұру, есірткі пайдалану сынды ке­­лең­сіз жайттар енді бүл­дір­шін­дер­дің білім ор­даларына да жет­ті. Мұндай адам төзгісіз жағ­дайға тез ара­да шара қол­дан­басақ, ар­ты жақ­сы­лық­­қа апар­май­ды.
Мұны біз емес, кеше Алматы қа­ла­сы Ала­тау ауданындағы №166-шы мектеп-гим­назиясына арнайы кел­ген Ішкі істер ви­це-министрі Қал­мұханбет Қасымов айт­ты.
— Өткен аптада Елбасымыз Нұр­сұлтан На­зар­баев: «Қалада ұйым­дас­қан қыл­мыс­тық топтар был­тыр­­ғыға қарағанда, биыл төрт есе өс­кен. Әсіресе әрбір төртінші қыл­мыс фактісі кәмелетке толмағандар ара­­сында кездесіп отыр. Сондықтан да тәр­тіп сақшыларына әбжіл қи­мыл­дау ке­рек», – деп баса айтқан бо­латын. Әрине, біз­ге қарата ай­тыл­ған сын орынды. Біз бұл ретте орта оқу орындарына мектеп ин­спек­тор­­­ларын қойдық. Ендігі кезекте біз инспекторлар санын әлі де арт­ты­рып, олар­дың жүйелі түрде жұ­мыс жасауына бар­лық жағдай жа­сай­­тын боламыз, – дей­ді ол.
Газетіміздің өткен нөмірінде (№59, 22.04.2009 жылы) «Ал­ма­ты­ның «бұ­зық» аудандары» деген тақырыпта ма­қа­ла жазғанымызды кө­­зі­қарақты оқыр­ман­да­рымыз жақ­­­сы біледі. Сонда біз Ал­ма­ты­ның шет аудандарында қылмыс түр­­ле­рінің жиілеп кеткендігіне тоқталған едік. Енді дәл осы мәселені вице-ми­нистр мыр­замыз да көтеріп өтті.
— Әрине, біздің бұл ауданға ке­ліп, сіз­дер­мен кездесіп отыр­ғаны­мыз­да үлкен мән бар. Әсіресе қыл­мыстың басым көбі осы шет ау­дан­дарға тиесілі болып отыр. Бір жа­ғынан «Алатау» ауданы жаңадан ен­­­ді құрылып келе жатқан аудан. Мұн­­да учас­келік инспекторлардың ме­­кемелері әлі толық құрылып болған жоқ. Сіздердің ты­ныш­тық­та­ры­ңызды тек «патрульдік по­ли­­ция­лар» қорғап жүр. Алайда олар да жет­кізіксіз. Сондықтан біз алдағы уақытта бас­шылықтың на­за­рын осыған аударып, мұ­ны да то­лық шешетін боламыз...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста