Алматыда нотариус жалақыны өндіріп алудан бас тарту туралы сот шешімі шыққанына қарамастан, кәсіпкерге 1,8 миллиард теңгені заңсыз өндіріп алуға көмектескен
Алматыда нотариус кәсіпкерге 1,8 миллиард теңге көлемінде жалақы бойынша жалған қарызды өндіріп алуға көмектескен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Алматы қаласы прокуратурасының хабарлауынша, 2019 жылдың 23 желтоқсанында нотариус өзінің атқару жазбасын пайдаланып, "К" ЖШС-дан азамат "М-ның" пайдасына жалақы бойынша 1, 805 миллиард теңге (шамамен 4 миллион 198 мың доллар) берешекті өндірген.
Талдау барысында "М-ның" өзі аталған ЖШС-ның 100% құрылтайшысы екені, ай сайын 40 миллион теңгеден астам жалақы алатыны анықталды.
"Мәміленің күмәнді екеніне және Медеу аудандық соты 2019 жылдың 16 тамызында азамат "М-ға" жалақыны өндіріп алудан бас тарту туралы шешім шығарғанына қарамастан, нотариус заңсыз атқарушылық жазба жасаған", - делінген прокуратура таратқан ақпаратта.
"Оңалту және банкроттық туралы" заңының 100-бабына сәйкес, жалақыны өтеу жұмыс берушінің бірінші кезектегі міндеті болып саналады.
Осылайша прокуратура "К" ЖШС-нің басқа кәсіпкерлер алдында үлкен қарызы бар екенін анықтады.
"М"  жалған қарызды қалыптастыру және өз міндеттемелерін орындаудан жалтару арқылы ақша алуға тырысқан.  
№2 Алмалы  аудандық сотының 2020 жылдың 12 мамырындағы шешімімен прокуратураның талап арызы қанағаттандырылды. Атқарушылық жазба заңсыз деп танылды және күші жойылды. Шешім 2020 жылдың 10 тамызында заңды күшіне енді.
Нотариус заңбұзшылыққа жол бергені үшін оған қатысты жеке ұйғарым шығарылды, ол қазіргі уақытта қаралып жатыр.