Өзбекстанға қайта алмай жүрген ер адам полицейлерді көріп қуанып кетті – видео

Қазақстанда заңсыз жүрген Өзбекстанның 25 азаматы анықталды, олар бүгін автобусқа отырғызылып, шекараға жөнелтілді
Алматыда Өзбекстаннан келген 25 азамат анықталып, Қазақстаннан мәжбүрлі түрде шығарылды, деп хабарлады Polisia.kz.

Алматы қаласы көші-қон полициясы басқармасының мәліметінше, олар сот шешімі бойынша Қазақстаннан өз бетінше шығуы тиіс болған. Алайда олар сот үкімін елемей, Қазақстанда заңсыз жүрген.

 

Алматыда 15-19 ақпан аралығында "Келімсек" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. 

"Жедел-алдын алу шарасының үш күнінде көші-қон қызметі қызметкерлері елімізде заңсыз жүрген Өзбекстанның 25 азаматын анықтады, олар бүгін автобусқа отырғызылып, шекараға жіберілді. Сондай-ақ, Өзбекстан консулдығымен бірге олардың арасындағы жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ азаматтар құжаттандырылды", - деді Алматы қалалық көші-қон қызметі басқармасының бөлім бастығы Манас Әбуов.

Өз еліне жіберілген азаматтар арасында бұрыннан қайтуды жоспарлап жүргендер де бар.

"Мен Түрксіб ауданында тұрдым. Жұмысқа емес, қонаққа келдім. Екі жыл бұрын елден шығару туралы шешім қабылданған. Мен бір қызбен бірге тұрдым, ол менің құжаттарымды алып алды. Дәл қазір маған сертификат берілді, үйге қайтып бара жатырмын, бұған өте қуаныштымын", - деді 34 жастағы Ильнур Ахметжанов.

Айта кетейік, "Келімсек" шарасының мақсаты &ndash бұрын сот шешімімен елден шығарылған шетелдіктердің қайда екенін анықтау және олардың өз Отанына оралуын қамтамасыз ету.
 
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста