Отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия басшысы қызметінен босатылды

Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның басшысы қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың сайтына сілтеме жасап.

"Махаббат Сансызбайқызы Бекбосынова Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

51 жастағы Махаббат Бекбосынова - медицина ғылымдарының докторы, жоғары санаттағы дәрігер-кардиолог. Ол әр жылдары Қазақстан мен Ресейдің медицина мекемелерінде дәрігер болып жұмыс істеді. Астанадағы Республикалық аурухананың VIP терапия бөлімінің меңгерушісі, Ұлттық ғылыми медицина орталығындағы жүрек орталығының жетекшісі, Астананың штаттан тыс бас кардиологы болды. "Кардиохирургия ұлттық ғылыми орталығы" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін де атқарды. Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы қызметіне Махаббат Бекбосынова 2014 жылы тағайындалды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста