Отандық сән әлемінің өкілдері үш кітап шығарды

Алматыда Қазақстан сән бизнесіне қатысты тұңғыш кітаптар жарық көрді. Бұл кітаптарға сән мен күтім туралы кеңестер топтастырылған. Туындылардың артықшылығы – олардың  құны бет-әлпетті күтуге арналған курстардан 10 есе арзан.
Елімізде осы күнге дейін сән әлеміне қатысты бірде-бір оқулық болмапты. Бизнестің бұл түріне келгенде, ресейлік кітаптар тізілген сөрелерге жалтақтаймыз. Сұлулық салондарының ұсынатын кеңестері ақылы. Тәжірибелі деген мамандардың өзіне күдікпен қарайтынымыз рас. Себебі бізде сұ­лулық кәсіп ретінде дами қоймаған.  Бұл жолы отан­дық сән әлемінің дәрежесі бір сатыға кө­те­ріл­гендей болды. Алматы қаласында бірден үш туын­дының тұсауы кесілді. «Менің сән әле­мін­де жүр­геніме 20 жылдай уақыт болды. Оқулық тап­пай Ресейге мың бардым. Намысыма қатты тиді. Со­дан кітап жазуға бел будым»,– дейді кітап­тар­дың бірінің авторы. Қазақстандық сән әлемінің да­муына қандай кедергілер бар және оларды ше­шу­дің жолдарын зерттеген авторлар – Лейла Қай­назарова мен Аида Шы­ныбекова. Ал «Же­тілген стильге жетудің алты қадамы» кітабын жаз­ған – Мәди Бекдаир. Автордың айтуынша, кі­тап­тың тілі қарапайым, халықтың түсінігіне ла­йықталып жазылған. Сиясы кеппеген туын­ды­ның бейне дискі түріндегі нұсқасы да бар. Бет те­рі­сін, шашты, тырнақ күтімі мен дұрыс киім таң­дай білуге үйретеді. Дұрыс бояну мен түстердің үй­лесімділігін сақтау ережелері де бар. М.Бек­даир­дың айтуынша, енді үй шаруасындағы әйел­дің өзі 20 минут ішінде нағыз сәнқойға айнала ала­ды. Мамандардың пікірінше, бизнес десе, ақ­ша ғана елестейтін кәсіп иесінің болашағы жоқ. Әсі­ресе сән әлемінде. Себебі мұндай кәсіпкер клиен­тімен де, қызметкерімен де тіл табыса ал­май, құрдымға кетеді. Қазақстанда үш сұлулық ор­та­лығы ашылса, біреуі міндетті түрде жабылып қа­лады. Бос отырған ақшалы әйелдің ермегіне ай­налатын салондардың ғұмыры ешуақытта ұзақ бол­майды. Халыққа сапалы қызмет көрсетіп, кә­сіпті жандандыру үшін мықты әкімші қажет-ақ. Бірақ рес­публика бойынша бұл мамандық оқ­ы­тыл­май­ды. Батыстық білім алып, өмірінің жарты­сын сұлулық әлеміне арнаған мамандардың тәжі­ри­­бесі – сән әлеміне қатысты үшінші туындының өзе­гі. «Мен – сұлулық салонының оңтайлы әкім­шісімін» деп аталатын туындының авторы – Әсел Қа­дырова. Алдағы уақытта мамандар сән әле­мінің майталмандары арасында сайыстар ұйым­дастырмақ. Ал тұңғыш туындылар жақын арада ға­ламтор беттерінде сатылымға шығады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста