Өскеменде жалған нөмірмен 46 рет жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды

Өскеменде жалған нөмірмен 46 рет жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды

Өскемен қаласында жалған нөмірмен жүріп 46 рет жол ережесін бұзған көлік жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ШҚО полиция департаментіне сілтеме жасап. Баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өскеменде тәртіп сақшылары «Қорғау-Сергек» базасы бойынша тексеру кезінде жол жүрісі қағидасын бірнеше рет бұза отырып, Сәтпаев даңғылында жоғары жылдамдықпен жүріп келе жатқан «Lexus» маркалы автокөлікті байқаған. Сонымен қатар аталған көлікте жалпы сомасы 2 млн 287 мың теңгеге 46 айыппұл салынғанын анықтады.

 
«Бейнебақылау камераларының көмегімен Жібек маталар комбинаты ықшамауданындағы үйлердің бірінің ауласында мемлекеттік нөмірлері алынған осы автокөлік табылды. Тексеру барысында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қаланың 29 жастағы тұрғынын ұстады. Оның жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлері бар көлік құралын басқарғаны анықталды», - делінген ақпаратта.
Жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 2, 3 және 4-бөліктері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта материалдар сотқа жолданды. Көлік арнайы айып тұрағына қойылған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста