Орыс тілі оралмандарға оралғаннан да қиын болып тұр

Орыс тілі оралмандарға оралғаннан да қиын болып тұр

Тәуелсіздіктің алғашқы жылда­рындай емес, бүгінгі күні сырт елден келетін қандастарымыздың көші саябырсып қалды. Ма­ман­дардың сөзіне қарағанда, мұн­дай жағдайдың орын алуына бірден-бір себеп – Қазақстандағы орыс тілінің басымдығы, орыс пси­хологиясының кесе-көл­де­нең тұратындығы. Әри­не, әр мекеменің ең басты жұ­мысы – өзіне жүктелген міндетті атқару. Бірақ өз Отаным, өз жерім деп келген ағайынға кеңселеріміз «білсең біл, біл­месең қой» деп жауап беретіні қалай?
Туған тілді білу – әркімнің парызы, ал ресми тілді біл­меу қай заңға қарсы келеді? Қазір сырттан келген әр қан­­дасымыздың ойында осы сұрақ жүр. Себебі олар елдегі қай кеңсе, қай мекемеге барса да, алдарынан орыс тілі көлденең шығып тұрады. Осыдан кейін бауырларымыздың салы суға кетіп, өзі қаламаған ресми тілді үйре­нуге немесе келген елдеріне қайта көшіп кетуге мәж­бүр болуда. Атамекеніне өкпелеп, туған елі­не налып кеткен талай қандастар біздің көз алды­мызда. Сөзіміз дәлелді болу үшін енді ресми тіл­дің өктемдігін көрген азаматтарымыздың пікірін тың­дап көрейік. «Осыдан бірнеше күн бұрын Алма­тыдағы бір мектепке бас сұқтым. Алдыма орыс тілінде жазылған құжатты тастады. Аталған құжат Білім және ғылым министрлігінен келген екен. Ұстаздар қазақша нұсқасының жоқ екенін айт­ты. Міне, бізде министрліктерден келетін құ­жат­тардың өзі осындай. Ал бұл сырттан келетін біз сияқты қазақ­тардың маңдайынан шоқпармен ұр­ғанмен бірдей»,– дейді ре­дак­­циямызға бізді ар­найы іздеп келген тағы бір оралман. Был­тырғы жы­лы Біріккен Ұлттар Ұйымының босқын мәр­те­бесін алған бірнеше шетел азаматы Алматы қа­лалық әкім­дігі жанындағы тіл оқу-әдістемелік ор­та­­лы­ғынан сабақ алды. Ал сырттан келген қан­дас­­ты­рымыз бұл орта­лықтан өтуі үшін «әлеуметтік жағы­нан қорғалмаған» де­ген құжат алуы керек екен. Онсыз да құжатбастылықтан құтыла алмай жүр­ген ағайындар үшін бұл мәселені айналып өту жолдары неге қарастырылмаған?
Амангелді МОМЫШЕВ, Мәжіліс депутаты:
– Сырттағы қандастардың Қазақстанға келгенде тіл жағынан қиындық көретіні бәрімізге белгілі. Мә­се­лен, Қытай, Моңғолиядан оралған бауырлар орыс ті­лін білмейді. Ал Қазақстанда әлі де болса ресми тіл­дің басымдығы бар. Мұндай мәселені болдырмау үшін біз оларды арнайы дайындық курстарынан өткі­зуі­­міз керек. Мұндай тәжірибе кейбір елдерде қол­да­нылады. Екінші бір мәселе – сырттағы қандастарымыз түр­лі әліпбиде жазады. Мәселен, Өзбекстан, Әзір­бай­жан­да тұратын қазақтар латын әліпбиін меңгерген. Олар да біздің елге келгенде, өз алдына қиындық көреді.

Осы мәселеге белгілі жазушы Жанат Ахмади де өз үнін қосуды жөн көрді. «Жуырда маған Түркиядан келген Жандос деген бір азамат хабарласты. Жан­дос­тың сөзіне қарағанда, оны Алматы қала­лық ішкі істер басқармасы елден шы­ғып кетуге мәжбүрлеген екен. Қарсылыққа қарамай, ол барлық қажетті құжаттарды толтырып, аталған мекемеге қайта барады. Бірақ ондағы қызметкерлер қазақша біл­мей­тіндіктерін алға тартып, құжаттарды қайта ресми тілде толтыруын талап еткен. Жалпы, Қазақстанда шеттен келген қазақ­тарға деген дұрыс пейілдің жоқтығы, қазақ тілін білуге деген бейілдің аздығы үлкен қасіретке айналды. Іштегі қазақ пен сырт­тағы қазақ қан тамырларының бірге соқ­пауы ұлттың сорына ұласты. Бұл – Қазақ­стандағы заңның әлсіздігі, солқылдақтығы дер едім»,– дейді жазушы. Осы жерде біз екі бірдей азаматтың беделді үш мекеменің атына айтқан уәжін байқадық. Ал мем­ле­кеттік мекеме деп айдар таққан құзырлы орын­дарымыз осындай жағдайда бол­ғанда, жекеменшік мекемелер туралы айту­дың өзі артық шығар.
Қайсар, Германиядан келген қазақ:
– Мен өз аты-жөнімді толық айтпаймын. Себебі ертең елдегі мекемелер жұмыстарымды орындап беруден бас тартуы мүмкін. Бірақ өзімді таңғалдырған мәселені айтып бергім келеді. Осыдан бірнеше уақыт бұрын қалалық көші-қон полициясы­на бардым. Біріншіден, онда тұрғын­дар­ға қажетті ақпарат дұрыс беріл­мей­ді. Қойған сұрақтарыма ешкім тура жауап қайтармады. Екіншіден, мен Германиядан келгендіктен, орыс тілін түсінбеймін. Білетінім – тек ана тілі ғана. Ал аталған кеңседегілер маған орыс тілінде жауап қайырады. Осы мәселе мені қатты алаңдатты. Қазақ­стан­да болғаннан кейін, оның үстіне мемлекеттік мекеме болғаннан соң, онда қызмет ететін әрбір азамат қазақша білуге міндетті емес пе? Сон­дай-ақ Қазақстанда банк сала­лары­нан да қазақ тілінің иісі шықпайды. Қай банкке барсаң да, құжатпен орыс тілінде танысасың. Тіпті көп мекеменің сайты қазақшаланбаған.
Азаматтарымыздың пікірлерінен бай­қа­ға­нымыз, тілге қатысты заңдарымыз тым әлсіз. Сондықтан заңда шеттен келген қан­дас бауырлардың мәселесі бөлек жазы­луы керек. Мәселен, жуырда Алматы қалалық прокуратурасы тұрақты тіркеуде тұрмаған, ата-анасы азаматтық алмаған балаларды анықтау мақсатында аудандық білім беру басқармаларына, мектептерге тексеру жүргізді. Оның нәтижесінде сырт­тан келген бірнеше қазақ баласы оқудан шы­ғарылды. Мамандардың айтуынша, осын­дай мәселені болдырмау үшін «Көші-қон туралы» Заңымызға «ұлты қазақ өкіл­дері үшін» деген арнайы бөлімді де енгізу қажет.
Мамай Ахет, Алматы қаласының тілдерді дамыту басқармасының бастығы:
–Бүгінгі күні елдегі барлық мемлекеттік мекемелер қазақ тілін үйрену үстінде. Тілді оқыту үшін Алматы қалалық әкімдігінің жанынан тіл оқу-әдістемелік орталығы құрылды. Қазіргі уақытта орталықта 500-ге жуық мемлекеттік қызметкер бастауыш, жалғастырушы, тереңдетілген бөлімдер бойынша 120 сағаттық курстарда оқып жатыр. Оқу аяқталғаннан кейін, оларға арнайы сертификаттар мен куәліктер беріледі. Куәліктер арқылы кез келген қызмет­кер қазақ тілін білетіндігін дәлелдейді. Сондай-ақ курстардың арасында біз мемлекеттік қызметкерлерді тестілеу­ден өткіземіз. Егер де қандай да бір азамат тіл жағынан қысым көретін болса, біздің мекемеге хабарласуына болады. Біз аталған мәселені тексеріп, қажет болса істі прокуратураға дейін жеткіземіз.

Дерек
1991 жылдан бері бүгінгі есеп бойынша елімізге 1 млн-ға жуық этникалық қандастарымыз келген. Бұлардың 790 мыңы Көші-қон комитетінің тізіміне еніп, тіркеуден өтіп, оралман мәртебесін алды. Ал қалған 200 мыңдайы – өз күшімен көшіп келгендер. Жалпы, комитеттің деректеріне қарағанда, 2010 жылғы қаңтардың 1-індегі мәліметтер бойынша, Қазақстанда 201 309 оралмандар отбасы немесе
789  339 этникалық қазақтар өмір сүріп жатыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста