Өркениет шырақшысы

Өркениет шырақшысы

Адамзат тарихындағы ғылыми ойдың дамуына көз жүгіртсек, әлемнің екінші ұстазы Әл-Фарабидің еңбектері ерекше көзге түседі. Ғұламаның философиялық сарындағы ойларымен қатар, бірқатар сала бойынша бүгінге қалдырған мұралары баға жетпес құндылық. Шығыс ойшылының ақындығы да өз алдына бір бөлек. Астарында көңілге ой салар мән-мағынасы бар әл-Фараби өлеңдері өскелең ұрпаққа жол көрсетер  шамшырақ іспетті. 

Бүгінде қазақ даласының әр түкпірінде Отырар өлкесінен шыққан ғұлама ғалымның ғажайып туындылары жатқа оқылып жүр. Осы орайда Қызылорда облысының Қармақшы ауданындағы Шамшат Төлепова атындағы мәдениет үйінің қызметкерлері Шығыс ғұламасы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай «Өркениет шырақшысы» айдарымен челлендж өткізуде. Челленджді жолдаған мәдениет үйінің хореограф-маманы Жазира Сәтбергенова әлеуметтік желі арқылы оқырмандарға әл-Фарабидің «Қашықтасың» өлеңін оқып берді.

Қашықтасың туған жер – қалың елім,
Небір жүйрік болдырып жарау деген.
Шаршадым мен.
Қанатым талды менің,
Шаңқыт жолға сарылып қарауменен.

Кері оралмай жылдарым жатыр ағып,
Қасіреттің жасына көз жуынар.
О, жаратқан, көп неткен ақымағың,
Құм сықылды тез ысып, тез суынар.

Зиялы аз бір тұтам тіршілікте,
Әкімдікке куллісі жүгіреді.
Көкірекпен сезініп, күрсініп көп,
Жаным менің түршігіп, түнереді.

Кайтейін мен көкжиек кеңдгімді.
Келер күнге үмітпен жол ашамын.
Қос шөлмекпен өткіздім өмірімді,
Соны медет етеді болашағым.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста