Оралдықтар орысша кино түсірді

Соңғы уақыттарда ақпарат құралдары қанша сынап жатса да, орыстілді қазақ кинолары бірінен соң бірі түсірілуде. Біз де өз тарапымыздан Ұлттық киноның беталысына қынжылыс білдірген қаншама мақала, сұхбаттар жарияладық. «Тіреліп тұрса тиынға, режиссер болу қиын ба» демекші, ақшасы барлар әнші, ақын-жазушы, киногер болу оңайға түскен заман туды ғой бүгінде.

Жақында тағы бір «жағымды» жаңалық естідік. Оралда тұңғыш рет толық метражды көркем фильм түсіріліпті. Әдеттегідей орыс тілінде түсірілген бұл кино «Хочу тепла» деп аталады. Туынды бүгінгі қала жастарының тыныс-тіршілігін бейнелейді – міс. Алайда біз жаңа фильмді көрмей тұрып сынаудан аулақпыз. Дегенмен аталған жобаның басы-қасынан кәсіби киногерлердің аты-жөндерін көзге ілестіре алмадық.

Фильмнің авторлары да, актерлері де негізінен – жастар. Картинаға продюсерлік жасаған 27 жасар Дәурен Сатқанов осыдан біраз жыл бұрын NIDS атты компания құрып, кәсіпкерлікті қолға алған болатын. Оның айтуынша, кинофильмнің сценарийін жазған Идрис Ғалимуллин, режиссері – Аманат Рзағалиев. Ұсынысты осы азаматтар жасаса, барлық қаржылық шығындарды, кино түсіретін камера, микрофон, жарық шамы, басқа да құралдармен қамтуды Д.Сатқанов өз мойнына алған.

Актерлердің барлығы да Құрманғазы атындағы музыка колледжінде, М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқиды. Фильмге барлығы ұзын саны 30 шақты адам түскен. Қазақ тілінде кино түсіруді жоба авторлары алдағы уақыттың еншісіне қалдырыпты. Жаңа туындының тұсаукесері 16 қазан күні Оралдағы «Қазақстан» кинотеатрында болмақ. Ал оны қазақ көрермені қалай қабылдар екен, уақыт көрсете жатар...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста