Оралда жаңа салынған көпқабатты тұрғын үйдің қабырғалары қақырап жатыр

Оралда жаңа салынған көпқабатты тұрғын үйдің қабырғалары қақырап жатыр

Оралда жаңа салынған көпқабатты тұрғын үйдің қабырғалары қақырап жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

 
Тұрғындардың сөзінше, аталған тұрғын үйді 2015 жылы «Алтим» компаниясы салған. Динара Қайырғалиева қабырғадағы жарықшақ өткен жылдың көктемінде пайда болғанын айтады, биыл тіпті үлкейіп кеткен.

«Жазда Зачаганск әкімдігіне бардық, көмектесе алмайтындарын айтты. Олар үйдің жарықшақ пайда болған жағын ғана қоршады. Содан кейін әкімдік осы жазда жөндеу жұмыстарын жүргіземіз деп уәде берді. Біз үйге 2016 жылы көшіп келдік», - дейді Динара Қайырғалиева.
Орал әкімдігі бұл тұрғын үй өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында салымшылар үшін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» (қазіргі Otbasy Bank) салғанын айтты. Нысанның жалпы құны – 650,8 миллион теңге.

«Мердігер «СФ Алтим» ЖШС, авторлық қадағалау — «Гипрогаз» ЖШС, техникалық қадағалау — «КИУС» ЖШС болған. Мердігерлік ұйымның кепілдік міндеттемелері екі жыл. Бүгінде мердігер ұйым аумақты қоршап қойды. Ғимаратқа комиссиялық тексеру жүргізілді, ғимараттың қаптамасын бөлшектеу және монтаждау туралы шешім шығарылды», - деді қалалық әкімдік.
«СФ Алтим» ЖШС-нен жылыту маусымы аяқталғаннан кейін және ауа райы қолайлы болған кезде ақауларды жою туралы кепілдік хат алынғаны хабарланды. Әкімдіктің айтуынша, тұрғын үйдің негізгі тірек конструкциялары бүлінбеген, тұрғындарға еш қауіп жоқ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста