Оңтүстік-шығыста жер сілкініп тұр

Еліміздің оңтүстік-шығысында жер сілкінісі басылмай тұр. Мамырдың 24-25-і күндері қазақ-қытай шекарасында, Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстары аумағында жерасты дүмпулері төрт рет тіркелді.
ҚР Білім және ғылым министрлігі «Сейсмология институты» ЖШС мамандарының хабарлауынша, ма­мырдың 24-і күні Астана уақыты 04.29-да Қытай ау­ма­ғында, еліміздің шығыс жақ шекарасы маңында ма­­гнитудасы 3,9 болатын жер сілкінісі болды. Екі ша­қырым тереңдікте басталған дүмпулердің энер­ге­ти­калық класы 8,9 деп өлшенді. Зілзала ошағы Ал­ма­ты­дан 440 шақырым жерде. Дәл осы өңірде тура бір са­ғат­тан соң тағы да жер сілкінді. Бұл жолы сілкіністің ма­гнитудасы – 4,4, энергетикалық класы 10,2 болды. Мұ­­ның алдындағы тәуліктерде де бұл аймақта жер­ас­ты дүмпулері бірнеше рет тіркелген болатын. Ал кеше Ас­тана уақыты 07.14-те Қазақстан аумағында, Тал­ды­қорған қаласынан оңтүстікке қарай 90 шақырымда, Ал­матыдан солтүстік-шығысқа қарай 166 шақырымда зіл­зала тіркелді. Мамандардың мәліметінше, сей­сми­ка­лық құбылыстың магнитудасы – 4,1, энергетикалық кла­сы – 8,9. Жерасты дүмпулері 15 шақырым те­рең­дікте басталған. Бұдан соң арада шамамен алты сағат өт­кенде жер сілкінісі Шығыс Қазақстан облысында болды. Еуропалық және Жерорта теңізі сейсмология орталығының сайтында жарияланған мәліметке қа­ра­ған­да, 3,6 магнитудалы жер сілкінісінің эпицентрі Се­мей қаласынан 115 шақырымда анықталған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста