Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтар оқиғасы: СІМ өкілі пікір білдірді
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтардың оқиғасы туралы айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Вaribar.kz-ке сілтеме жасап.
Өздеріңізге белгілі, 2023 жылғы 24 наурызда Инчхон әуежайында паспорттық бақылау кезінде Ташкент қаласынан келген екі Қазақстан азаматына Оңтүстік Корея Республикасына кіруге тыйым салынды. Депортацияны күту үшін олар арнайы бөлмеге орналастырылды, олар түнде қашып, Оңтүстік Корея аумағына заңсыз кірген, — деді Айбек Смадияров.
Оның айтуынша, бір қазақстандық 26 наурызда ұсталған, екіншісі 29 наурызда өз еркімен берілді.
Қазір екеуі де Инчхонның көші-қон орталығында, тергеу изоляторында. Оңтүстік Корея заңнамасына сәйкес, тергеу шаралары үш айға дейін созылуы мүмкін, содан кейін іс прокуратураға беріледі. Осыған байланысты Кореяның құзырлы органдары тергеу мүддесі үшін істің мән-жай ашылмай отыр. Олар елдің заңын бұзды. Әрине, олар сол елдің заңдары бойынша жазаланады. Бұл жағдайда депортация туралы әңгіме болмайды: бұл — шет мемлекеттің заңдарын өрескел бұзу. Қазір оларды қайтару мүмкін емес, — деді СІМ өкілі.
СІМ өкілінің мәліметінше, бұл азаматтар Оңтүстік Корея заңнамасын үш рет бұзды деп айыпталып отыр.
Біріншісі — көші-қонды бақылау туралы заңнаманы бұзу, елге заңсыз кіру. Екіншісі — көші-қонды бақылау туралы заңнаманы бұзу, елде заңсыз болу. Үшіншісі – әуежай ғимараты мен оның нысандарына қатысты заңды бұзу, материалдық шығын, — деді Айбек Смадияров.
Ол Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматтарының жаппай жұмыстан босатылғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты.
Бұл оқиға ресми түрде жұмыс істейтін Қазақстан азаматтарына әсер еткен жоқ, — деді СІМ өкілі.